Солтүстік Қазақстанда электриктер тапшы. Қазіргі уақытта өңірде 253 маман жетіспейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде аталмыш салада 936 адам еңбек етіп жүр. Десе де, маман тапшылығы байқалады. Бүгіндері әлі 253 бос жұмыс орны бар. Оның бірден-бір себебі – жалақының аздығы. Қазіргі күні электриктер небәрі 171 мың теңге жалақы алады.

 

«Бұл тұтынушыларға электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсету сапасының төмендеуіне алып келетіні сөссіз. Себебі, егер  бірнеше елді мекенде апаттық жағдай туындай қалса, оны түзету уақыты кешіктіріледі. Жағдайды реттеу үшін ең алдымен қызметкерлердің жалақысын көтеру керек. Студенттерді осы саланың жұмысына қызықтыру қажет. Оларды шәкіртақы төлеу не басқа да іс-шаралар арқылы қызықтурға болады. Ал жас мамандарды бұл салада қалдыру үшін оларға жағдай жасалуы тиіс. Яғни, тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру керек», — деді СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин.

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x