СҚО-да электр желілерінің 95% тозған

Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату  компаниясының  негізгі құрылғыларының 95 пайызының тозығы жеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы 13 мың шақырымды құрайтын желіге және 2353 бірлік қосалы станцияға иелік етеді. Қазіргі уақытта негізгі құрал-жабдықтардың тозуы 95% құрайды. Ал кей жерлерде, атап айтсақ, 19 ауыл мен 2 шағын қалада тозу деңгейі 136% жетіп отыр.

«2023-2025 жылға бекітілген  инвестиция көлемі 8446,8 млн. теңгені құрайды. Бұл құрылғылардың  тозуын  тежеуге мүмкіндік береді. Алайда жыл сайын құрылғылардың тозуының орташа өсімі 2,3-2,6% құрап отыр. Бұл фактіні ескеретін болсақ, 2029 жылға қарай компаниядағы  негізгі құрылғылардың тозуы 105% — дан асып кетеді. Ал 2029 жылға қарай тозуды 80% — ға дейін төмендету үшін шамамен 80,2 млрд. теңге қаражат қажет», — деді СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владислав Лукин.

Тағы оқыңыз:Петропавлда № 1 қалалық емхананың филиалы ашылды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x