Солтүстік Қазақстан облысында әулиекөл тұқымды 50 бұзау ұрлығы тіркелді. Оларды қожалықта жұмыс істеп жүрген екі азамат қолды қылған, деп жазады Qazaqstan Media.
Тимирязев ауданының полиция бөліміне мал ұрлығы туралы жергілікті ЖШС-тің директоры айтқан. Шаруашылығындағы мал басын түгендеу кезінде әулиекөл тұқымды 50 бұзаудың жоқтығын анықтаған. Төлдер 5 млн 800 мың теңгеге бағаланып отыр. Шуаршылық аумағына күзет қойылмаған, бейнебақылау камералары орнатылмаған. Ұрлық соңғы айда жасалған болуы мүмкін. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кәсіпорынның 24 және 25 жастағы екі жұмысшысын ұстады.

Күдіктілердің сөзінше, бұзаулар бірнеше рет ұрланған және ауданның әр түрлі адамдарына сатылған. Қазіргі уақытта сатып алған адамдардан 25 бас бұзау қайтарылды. Бұл жұмыс жалғасуда. Ірі көлемде мал ұрлағандары үшін күдіктілер үш жылдан жеті жылға дейін сотталулары мүмкін.
Тағы оқыңыз: СҚО-да кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің аллеясына 10 сібір шыршасы отырғызылды