Қарашаның 15-16 күндері Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше жол апаты тіркелді. Жол-көлік оқиғасы тағы бір адамның өмірін қиды. Қайғылы жағдай «Жезқазған-Петропавл» автожолында орын алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға желісіне тоқталсақ.16-шы қараша күні  «Datsun On-Do» автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан адамды соғып кеткен. Өкінішке қарай, салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды.

Қайғылы оқиға «Жезқазған-Петропавл» автожолының Қарлыға ауылы маңындағы бөлігінде орын алған.

Тағы бір жол-көлік апатында үй жануары өлді. Жылқының қатысуымен болған жол апаты 16 қараша күні Уәлиханов ауданында тіркелген. «Көкшетау–Омбы» бағытындағы тас жолда Jetour маркалы көлік табын жылқымен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан аудандық ауруханаға екі адам жеткізілді. Олар көлікте болған жолаушылар. 32 және 43 жастағы азаматтарға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді», – деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Ал, қағылған жылқы сол жерде өліп қалды.

15-шы қараша күні Тайыншада болған оқиғада, 26 жастағы Toyota Aristo автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылған. Алдын-ала болжам бойынша ол рөлге ие бола алмай қалған. Жүргізуші түрле дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Барлық фактілер бойынша полиция мамандары тергеу жүргізіп жатыр. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған облыстық байқау өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *