СҚО-да екі бірдей лагерь апатты жағдайда деп танылған

СҚО-ның Айыртау, Ақжар, Тимирязев және Уәлиханов аудандарында жазғы лагерь жоқ. Ал Ғ. Мүсірепов ауданы мен Мамлют ауданындағы демалыс орындары апатты жағдайда деп танылған. Осыған байланысты балалар көрші аудандардағы демалыс орындарына баруға мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды. Өңірде  жалпы 14 қала сыртындағы лагерь бар. Олардың 13-і облыс аумағында орналасқан. Қалған бір демалыс орны Ақмола облысына қарайды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жазда балалар үшін 11 лагерь жұмыс істейді. Олардың тоғызы кестеге сай жұмысын бастаса, қалған екеуі балаларды кешірек қабылдайды. Себебі, бұл жерлерде су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Жалпы, биыл жазғы лагерлердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 473,8 миллион теңге қаражат бөлінген. Ал сенімгерлік басқарудағы демалыс орындарын жөндеуге жауапты кәсіпкерлер 40 млн теңге бөліпті.

«Ғ. Мүсірепов ауданы кішкентай емес. Тиісінше, екі лагерь де балаларды қабылдауы керек. Сіздерде біреуі апатты деп танылып отыр. Оны қайта қалпына келтіру керек. Қажет болса бюджетте үнемделген қаражатты қарастырыңыздар. Немесе бизнес өкілдерімен келісіңіздер. Барлық аудандағы демалыс орындарында балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынуы керек», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов.

Тағы оқыңыз:СҚО-да 10 адам «Мәдениет саласының үздігі» атанды

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x