Облыста эпидемиологиялық маусым басталғалы немесе өткен жылдың 1-ші қазанынан бастап жіті респираторлық вирустық инфекциямен 44 мыңнан астам адам ауырған. Бұл алдыңғы жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға аз, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
СҚО-да эпидемиологиялық маусым басталғалы жіті респираторлық вирустық инфекциямен 44 мыңнан астам адам ауырған. Бұл алдыңғы жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға аз Бірақ, соңғы бір аптаның ішінде 2 мың 500-ге жуық жерлесіміз аталған вирусты жұқтырған.
«Бұған күннің күрт суытуы себеп»- дейді жауапты мамандар. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, сала өкілдері тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстанып, иммунитетті нығайтуға шақырады.
Науқастардың басым бөлігі — 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл — 29 мың жағдай немесе 65 пайыз. Кішкентай балалардың иммунитеті төмен болғандықтан, оларға дәрумен беру керек. Жіті респираторлық вирустық инфекцияның негізгі белгілері: температура, интоксация, мұрын бітелу мен тамақ ауруы. Алғашқы белгілерін байқасаңыз, бірден медициналық көмекке жүгіну қажет. Сонымен қатар, маусым басталғалы облыста 215 адам H3N2 тұмауымен немесе Гонконг вирусын жұқтырған», — СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жөнделіп жатқан «Қазпошта» ғимаратынан өрт шықты

