СҚО-да егін орағы қызған шақта ауыл шаруашылығы басқармасы басшысыз қалды

Ауа райының қолайлы болуына байланысты, Солтүстік Қазақстан облысында танап басында жұмыс қыза түсті. Диқандар осы күнге дейін 1 млн 209 мың гектардан астам жердегі егінді орып үлгерген. Әзірге әр гектардан 17,1 центнер өнім алынуда. Бір қызығы, осындай қауырт кезеңде жауапты ведомство басшысыз қалды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл өңір шаруалары 4,4 млн га жерге дән сепкен болатын. Қазір аграрийлер әр ашық күнді тиімді пайдаланып қалуға тырысып жатыр. Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы берген мәліметтерге сүйенсек, диқандар 1 млн-нан астам алқаптағы егінді орып үлгерген. 2 млн тоннадан астам астық бастырылған.

«Былтыр осы уақытта 1 млн 367 мың га алқаптағы егін жиналған еді. 1 млн 393 мың тонна астық бастырылды, орташа шығым 10,6 ц/га болды. Биыл егін бітік шықты. Енді еш шашаусыз жиып алу керек. Бидай сақтайтын қоймалар да, элеваторлар да дайын, орын жеткілікті», — деп хабарлады жауапты басқарманың баспасөз қызметі.

СҚО-да жаңа егінді сақтау үшін сыйымдылығы 3,2 млн тоннаны құрайтын 46 элеватор бар. Сондай-ақ, фермерлерде сыйымдылығы 3,7 млн тонна болатын 332 астық қабылдау пункті бар. Қазіргі уақытта астық қабылдау орындарына 366,5 мың тонна дән жеткізілді. Оның ішінде бидай — 225,7 мың тоннаны құрайды.

3 классты бидай – 93,5 мың тонна, 4 класс – 97,9 мың тонна деп есептеліп отыр. Бүгінгі таңда 39 астық қабылдау пункті егінді қабылдауды бастады.

Айта кетейік, өңірде егін орағы қызған тұста жауапты ведомство басшысыз қалды. СҚО-да ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған Мейрам Меңдібаев Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шенеуніктер қызмкеткерлерге төленетін үстемеақыларды заңсыз ұстап қалып отырған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x