СҚО-да «Еңбек» бағдарламасымен салынған алты үй өртенді

Қызылжар ауданындағы Подгорное ауылында бір жылда алты баспана отқа оранған. Негізгі себеп – электр сымдарының қысқа тұйықталуы және түтін мұржасы қауіпсіздік талаптарына сай салынбауы. Баспаналардың барлығы «Еңбек» мемлекеттік көші-қон бағдарламасы бойынша тұрғызылған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Подгорное ауылында 2019-2022 жылдар аралығында 39 баспана салынған. Тұрғындар 10 үйдің едені опырылып түсіп, құрылысты жүргізген мердігер компания қайта жөндегенін айтады. Алайда көпшіліктің пеш пен электр жүйесін тексеру қажет деген өтінішіне ешкім құлақ аспаған. Салдарынан бір жыл ішінде алты баспанадан өрт шыққан.

«Оның себептері мұржаның бойындағы шатырға шығатын жерде өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген, дұрыстап қапталмаған. Ағашқа темір мұржа тақалып тұр. Қызғаннан кейін содан өрт шығып жатыр. Күйген үйде сымдардың шығып тұрғаны көрініп тұрды. Қалай болса солай сымды ағаштың үстіне сала салған», — дейді ауыл тұрғыны Жанбура Баекин.

Жаңа баспаналарды «Зерттеу СК» компаниясы салған. Ал жергілікті әкімдік оны байқау жариялау арқылы сатып алды. Әрқайсысына 7,5 млн теңгеге дейін қаражат бөлінген еді. Үйлердің кепілдік мерзімі – 5 жыл.

СҚО-да «Еңбек» бағдарламасымен салынған алты үй өртенді

Жергілікті билік өкілдері аталған баспаналардың кепілдік мерзімі өтіп кеткенін айтады. Дегенмен, шенеуніктер комиссия құрып, үйлерді бастан-аяқ тексеріп шықпақ. Ақаулар табылған жағдайда аудандық бюджеттің көмегіне жүгінуді жоспарлап отыр.

«Барлық 39 үйдің зерттеуін жасайды. Сосын бізге сметасын береді. Біз аудан бюджетінен қаржы бөлетін боламыз», — деді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Асхат Бәкеев.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша соңғы бес жылдың ішінде «Еңбек» бағдарламасы аясында мыңнан астам баспана бой көтерді.

Тағы оқыңыз: Жасыл желекке зиян келмейді: 2025 жылы Петропавлдың басты көшесі жаңартылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *