Оқиға Ғабит Мүсірепов ауданындағы Тоқсан би ауылында болған. Достарымен кездесуге кеткен ер адам ауруханада ес жимастан көз жұмды. Бейресми ақпарат бойынша азамат зорлық көрген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиғаны Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері растап отыр. Олар осы іске қатысы бар деген күдікпен аудан тұрғынын ұстаған. Бірақ тәртіп сақшылары марқұмның қандай жағдайда қайтыс болғандығын айтпады.

«Тергеу барысында үш адамның ішімдік ішкені анықталды. Кейін жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде бір азамат ауруханаға жеткізіліп, алған жарақаттарынан қайтыс болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 145 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алады

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *