Өзбекстандық азамат жол бойындағы дәмханада ауырып, тұншыға бастайды. Оның демікпесі ұстап, тыныс ала аламай қалады. Оған шақыртуға келген авариялар медицинасы орталығының Келлеровка ауылындағы трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері көмектесті, деп жазады Qazaqstan media.
Солтүстік Қазақстандағы Тайынша ауданы Драгомировка ауылында жол бойындағы дәмханада келішулердің бірі ауырып қалады. Ол — 1974 жылы туған Өзбекстан азаматы. Бронх демікпесі бар азамат, ауа жетпей тұншыға бастайды. Оған көмекке авариялар медицинасы орталығының Келлеровка ауылындағы трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері келеді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында ер адамның жағдайы тұрақталды. Оны ауруханаға жатқызу қажет болмады.
Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданының әкімі қызметінен кетті