СҚО-да демалыс базасына барған екі адам күйіп қалған

Солтүстік Қазақстан облысындағы Шалқар көлінің жағасында екі адам мангал жағамыз деп күйіп қалды. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға маусымның 3-і күні сағат кешкі жетілер шамасында Айыртау ауданындағы «Ардагер» демалыс базасына болған. Демалуға келген екі ер азамат мангалды газ оттығының көмегімен тұтандырмақшы болып күйіп қалды.

«1988 жылы туған ер адамның іші, қолдары және бетін 1-2 дәрежелі күйік шалған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Ал екінші жігіттің жағдайы ауыр. Оның да беті-қолын және ішін 2-3 дәрежелі күйік шалды. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, зардап шеккендердің екеуі де Қостанай облысының тұрғындары.

Тағы оқыңыз: Петропавлдың бас алаңында күйшілер өз өнерін паш етті

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x