СҚО-да полиция рецептісіз дәрі-дәрмек пен электронды сигарет саудасының жолын кесті. Ол «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мүмкін болды, деп жазады Qazaqstan Media.

Рейд 9-13 маусым аралығында өтті. Тексеріс барысында тәртіп сақшылары облыстағы дәріханалар, медициналық мекемелер мен кәсіпорындарға бақылау жүргізді. Нәтижесінде 19 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Олардың қатарында рецептпен босатылуы тиіс препараттарды еркін сату, құрамында есірткі бар дәрілік заттарды сақтау мен есепке алу талаптарының бұзылуы, сондай-ақ прекурсорлардың (есірткі жасауға қолданылатын заттар) дұрыс сақталмауы сияқты жайттар бар. Бұл заңбұзушылықтар үшін жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СҚО-да дәрілер рецептсіз сатылып келген
СҚО-да дәрілер рецептсіз сатылып келген

«Полицейлер электронды сигареттердің және вейпке арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымының 2 фактісін анықтады. Полицейлер олардың қолданылуына тыйым салынғанын және өткен жылғы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған»,- деп ескертеді СҚО ПД. 

Тағы оқыңыз: Петропавлда екі жасар бала шемішкеге қақалып қайтыс болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *