СҚО-да бюджет қаражатын жымқырған мемлекеттік қызметкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды

СҚО-да мемлекеттік қызметкерлер жол құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқырып, талаптарға сай келмейтін құрылыс материалдарын қабылдаған. Саладағы былықтың бәрін облыс прокурорлары анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыс прокурорлары Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жұмысынан заң бұзушылық анықтады. Лауазымды тұлғалар мердігер ұйымдардан қаланың 20 көшесін асфальтбетон қоспасына сәйкестік сертификатынсыз қабылдап алған. Қазргі уақытта, қадағалау органының актісі бойынша олқылықтар түзетілуде. Ал заң бұзған мемлекеттік қызметкерлерді жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

Ғ.Мүсірепов ауданының мемлекеттік қызметкерлері де заңбұзушылыққа барған. Прокурорлар бұл ауданда 2022 жылы автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. Ауданның ТКШ бөлімінің басшысы автомобиль жолдарын жөндеуге бюджеттен 427 млн. теңге көлемінде қаражат бөлген. Бірақ жұмыстар сол күйі орындалмаған.

«Қадағалау органының материалдары бойынша СҚО-ның экономикалық тергеп-тексеру  департаменті аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына, мердігер ұйымның директорына және техникалық қадағалау сарапшысына қатысты бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Биыл  10 қазанда шыққан Петропавл қалалық сотының үкімімен аталған адамдар қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-тармағы 2-тармақшасымен қарастырылған  қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», — делінген облыстық прокуратураның ақпаратында.

Тағы оқыңыз:Петропавлда мәдениет үйінің директоры 4 жылға сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x