Онкоскрининг — қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтауға бағытталған диагностикалық тексеру. Былтыр заман игілігі арқылы 85 мың жерлесіміз қаралыпты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«2026 жылы бұл профилактикалық тексеруден жасы жұп санмен аяқталатын барлық азаматтар өте алады.
«Атап айтқанда, осы жылы: 40–76 жас аралығындағы адамдар сүт безі қатерлі ісігіне, 30–74 жас аралығындағы әйелдер жатыр мойны обырына, 50–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер колоректалды қатерлі ісікке скринингтен өте алады, — деді СҚО онкологиялық орталығының үйлестіру-кеңес беру диагностикалық бөлімінің меңгерушісі Күлзипа Сандыбаева.
2025 жылы облыс бойынша 85 мыңнан астам тұрғын онкоскринингтен өткен. Тексеру нәтижесінде 81 адамнан онкологиялық ауру анықталған. Айта кету керек, 2025 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстанда онкоскринингтер МӘМС пакетiнен ТМККК (ГОБМП) пакетіне ауыстырылды. Яғни, бұл скрининг түрі елдің барлық азаматтары үшін қолжетімді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 10-сынып оқушысы мектепте сірке суын ішкен

