Солтүстік Қазақстан облысында бруцеллез ауруына қатысты екі ауылда шектеу шаралары енгізілді. Ол Аққайың ауданындағы Ленинское және Тимирязев ауданындағы Докучаев ауылдары, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО ветеринария басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы жағдай Аққайың ауданының Ленинское ауылында тіркелген. Мұнда үш ірі қарадан ауру анықталыпты. Ол ветеринарлардың жоспарлы тексерісі кезінде белгілі болған.
«Жыл басынан облыс бойынша 244 малдан бруцеллез ауруы анықталды. Айыртау ауданында 77 мал ауырды, оның 58-і шаруашылықтарға тиесілі. Ақжар ауданында 20 сиыр ауру жұқтырса, Аққайың ауданында 5 ауылдың 15 ірі қарасында анықталды. Тимирязевта 1 және Уәлиханов ауданында 2 сиырдан ауру табылды», — дейді басқарманың баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.
Бруцеллезді жұқтыру фактісі ең көп Қызылжар ауданында тіркелді. Мұнда 129 ауру мал анықталған. Оның 122-сі екі шаруашылықтың ірі қарасы.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл әкімі ішіп алып көлік айдаған