Солтүстікқазақстандық прокурорлар табиғи монополиялар туралы заңнаманы өрескел бұзғандарды анықтады. Мәселен, кейбір аудандарда кәсіпкерлер сумен жабдықтау үшін негізсіз көп ақша төлеп келген, деп жазады Qazaqstan Media.

Айыртау, Қызылжар, М. Жұмабаев, Мамлют, Тайынша аудандарының табиғи монополиялар субъектілері тарифтерді қалыптастыру ережелерін бұзған.  Олар кәсіпкерлерден 2019 жылдан бастап тұтынылған сумен жабдықтау үшін негізсіз ақы алған.

«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды. Сумен жабдықтауға арналған тарифтер кәсіпкерлік субъектілері үшін жеке топты енгізу жолымен сәйкес келтірілді. Мысалы, Қызылжар ауданында қабылданған шаралар нәтижесінде бизнес үшін су тарифі 1017,63 теңгеден 343,41 теңгеге немесе 66% — ға дейін төмендетілді», — деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Ал Мамлют ауданында 787,72 теңгеге немесе 59,7% — ға, М. Жұмабаевта 30 теңгеге немесе 2,7% — ға, Тайынша ауданында 2,48 теңгеге немесе 0,3% — ға тарифтер төмендетілді.

Жыл басынан бері прокуратура актілері бойынша барлығы бес мыңнан астам тұтынушының құқықтары қорғалды. Оның 357-сі — кәсіпкер.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда әуе рейстерінің кестесі уақытша өзгереді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *