СҚО-да бизнес үшін электр энергиясының бағасы төмендетіледі

Солтүстікқазақстандық бизнесмендер электр энергиясы үшін азырақ төлейтін болады. Баға 7 пайызға төмендемек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Севказэнергосбыт» ЖШС заңды тұлғалар үшін электр энергиясына бағаны (ҚҚС-сыз) 1 кВт/сағатына 27,87 теңгеден 25,88 теңгеге дейін, яғни 7,1%-ға төмендетпек. Жаңашылдық 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Бағаны төмендету табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды», — деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл жұмыс мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді.

«Бағаларды төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (өзге тұтынушылар) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Севказэнергосбыт» ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше бағаны төмендетуге әсер етті. Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шал Ақын, Аққайың, М. Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Есіл, Жамбыл, Тимирязев аудандарының бизнес өкілдері «Севказэнергосбыт» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар», — деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Соңғы қоңырау күні әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x