Ағымдағы жылы еліміздің мәдениет саласын ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Биыл СҚО-да жеті мәдени нысан жөндеу көреді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ел көлеміндегі жұмыс жоспарын Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылды. Президент кешегі Әміренің әні қалған, Біржан мен Сараның айтысы өткен, ал бүгінде мол мұрамыз көпшілік ортада ерекше дәріптелетін қазақ жеріндегі ілкімді істерді жіпке тізді.

«Мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі — мәдениет пен өнер. Себебі қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл — ақиқат. Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады. Атап айтқанда, Алматы облысында қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе облыстарында театрлар бой көтереді. Шымкентте де Опера және балет театрының құрылысы басталмақ. Биыл Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ашылғанына 100 жыл толды. Осыған орай, театр ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы аяқталмақ. Наталья Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры да жаңғыртылады. Бұдан бөлек, екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді», — деді Мемлекет басшысы.

Мұндай ауқымды шаруа қуантпай қоймасы анық. Осы орайда өңірімізге қатысты жоспармен де бөлісейік. Биыл әр ауданы, әр ауылы мәдениет пен өнерге жақын Солтүстік Қазақстан облысында 7 нысанды жөндеу жоспарланып отыр. Олар:
1. Облыстық тарихи-өлкетану музейін ғылыми-реставрациялау жұмыстары,
2. Айыртау ауданындағы Қарасай және Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенін ғылыми-реставрациялау жұмыстары,
3. Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылындағы мәдени-демалыс орталығын күрделі жөндеу,
4. Жамбыл ауданы Жаңажол ауылындағы мәдениет үйінің шатырын күрделі жөндеу,
5. Мамлют ауданы Бике ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу,
6. Тайынша ауданы Теңдік ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу,
7. Уәлиханов ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимаратын күрделі жөндеу.

Бұл — облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұсынған дерек. Жоспар бойынша әр нысандағы жұмыстар ағымдағы жылы аяқталуы тиіс.

Тағы оқыңыз: «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысуға өтінім қабылдау басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *