Қазгидромет мамандары биыл Солтүстік Қазақстанда су тасқынының шарықтау шегі 19 сәуір болады деп болжап отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен республикалық кеңесте айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Биыл су тасқынына еліміз дайындықты ерте бастаған. Цифрлық даму, экология, төтенше жағдайлар, су ресурстары және ирригация министрлігі бірлесіп арнайы ақпараттық жүйе әзірледі. Онда Қазгидрометтің гидропосттарынан алынған болжамдар көрсетілген.
«Оған сай біз су басу қаупі жоғары елді мекендерді анықтадық. Ол тізімге Октябрьское, Покровка, Новоникольское, Надежка, Приишимка, Новокаменка, Бескөл, Прибрежное, Тепличное, Вишневка, Якорь, Ольшанка, Большая Малышка, Вагулино, Барневка, Кустовое, Долматово ауылдары енген. Қауіпті аймаққа Петропавл қаласын да жатқызуға болады», — деді жиында сөз алған Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков.
Мамандардың айтуынша, СҚО-да су тасқынының шарықтау шегі 19 сәуірде болады деп күтілуде.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда су тасқыны дрондар арқылы бақыланады