ЗИКСТО зауыты өндірісті жаңғыртып, жаңа технологияларды енгізіп жатыр. Облыс әкімі зауыттағы жұмыстармен танысты. Мұнда биыл екі электр пойызы шығарылған, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазір мұнда австриялық IGM компаниясының заманауи өндірістік роботтары орнатылуда. Олар жолаушылар және жүк вагондарын жинақтауға көмектеседі. Жыл соңына дейін жаңа цех іске қосылып, жүк вагондарын толық циклде шығару мүмкіндігі пайда болады.

СҚО-да  биыл екі электр пойызы шығарылды
Зауыт өнімдеріне сұраныс жоғары. Тек биылдың алғашқы алты айында:

• 712 платформа вагоны,

• 12 багаж-пошталық вагон,

• 2 электр пойызы,

• 44 жолаушылар вагоны шығарылған.

Алдағы уақытта бизнес-класс жолаушылар вагондарын шығару жоспарланып отыр.

Жаңа қуаттар іске қосылғаннан кейін зауыт жылына 3 мыңға дейін вагоншығарады. Сондай-ақ, 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Ескі ғимараттар бұзылып, орнына заманауи өндірістік цехтар салынады.

ЗИКСТО-дағы өзгерістер зауыттың дамуына ғана емес, өңір экономикасына да серпін бермек.

Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінің студенттері Сауд Арабия университетінде ғылыми тағылымдамадан сәтті өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *