Солтүстік Қазақстан облысында тексерілген ауыл шаруашылығы жерінің әр екінші гектары  дұрыс пайдаланылмай отыр. Кейбірі заң талаптарына сай рәсімделмеген. Ондаған мың гектар жерді қайтару мәселесін «AMANAT» партиясының СҚОФ жанындағы «Жер аманаты» өңірлік комиссиясы көтерді. Жыл басынан өңірде 143,2 мың гектар  жер учаскелері тексеріліп, оның 76,7 мың гектары пайдаланылмай жатқаны анықталған, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазіргі кезде облыста  35,6 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылған. Алайда жылдық жоспарды толық орындау үшін тағы 64,4 мың гектар жер мемлекетке өтуі тиіс.  Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Жалғас Сүлейменовтің айтуынша, жерді мақсатсыз пайдаланушыларға ықпал етудің негізгі тетігі – жер салығының 20 есеге ұлғайтылған мөлшерлемесі.

«2025 жылы жүргізілген 72 тексерістің қорытындысы бойынша 48 нұсқама берілді. Олар жер телімдерінің құқықтарына шектеу ретінде тіркеліп, 20 есеге арттырылған салық мөлшерлемесін қолдану үшін Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданады. 46 әкімшілік жаза қолданылды. Оның ішінде  үш млн теңгеден астаны 34 айыппұл саынды.  Жеті  шаруашылық нұсқамалардан кейін заңбұзушылықтарды жойды. Төрт агроқұрылым 2,6 мың гектар жерден ерікті түрде бас тартты. Жыл соңына дейін 100 мың гектар жерді қайтару жоспары ерікті түрде беру мен сот шешімдері арқылы толық орындалмақ», — деді Жалғас Сүлейменов.

Кейбір аудандарда бұл жұмыстар сылбыр жүргізілуде.  Мәселен, Уәлиханов ауданында белгіленген 18 мың гектардың тек 10,6%-ы ғана қайтарылған. Ал 1,5 мың гектар бойынша құқық тоқтату үдерісі жүріп жатыр.

«Жұмыс үш бағытта қатар жүргізілуде: ерікті түрде қайтару, тіркелмеген жер телімдерін анықтау және сот арқылы қайтару. Дегенмен, жер телімдерінің кепілде болуы және кейбір жер пайдаланушылардың облыстан тыс жерде тұруы жұмысты қиындатуда. 19,6 мың гектар жер иесіз мүлік ретінде деп тануға дайындалуда»,- аудан әкімінің орынбасары Дархан Бейсембин.

Мәлім болғандай, 2025 жылы мәжбүрлеп қайтару аясында жалпы көлемі 2,6 мың гектар болатын екі талап арыз сотқа жолданған. Соның бірі – 2,4 мың гектар жайылым бойынша іс қанағаттандырылды, екінші іс – 192 гектар жерге қатысты – қаралуда.

Тағы оқыңыз: Qundyzdy Resort: СҚО-дағы Шалқар көлінің жағасында табиғи шынайы курорт пайда болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *