СҚО-да биыл 566 маман ауылға жұмыс істеуге барады

Солтүстік Қазақстан облысында барлық деңгейдегі әкімдер бас қосқан жиында ауылдарға жас мамандарды жұмысқа тарту бойынша жоспардың орындалу барысы да айтылды. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 566 маманды елді мекендерде жұмыспен қамту көзделген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жастар болашағы бар, потенциалы үлкен елді мекендерге жіберіледі. Оның арқасында жас маман төмен пайыздық мөлшерлемемен баспана ала алады. Оған қоса көтермеақы да төленеді.

 

«2019-2023 жылдары аралығында ауылдарға үш мыңнан астам білікті, білімді жас маман тартылды. Олар әлеуметтік және агроөнеркәсіп салаларында сәтті еңбек етіп келеді. Мамандарға бір млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленді. Сонымен қатар, 4,8 млрд теңге бюджеттік баспана алуға бөлінді. Оны мыңнан астам маман пайдаланды», — деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

Биыл ауылдарға 566 маманды жіберу көзделіп отыр. Ол үшін аудандық бюджеттен 20839 млн теңге бөлініпті.

Ал республикалық қазынадан баспана алу үшін 1,1 млрд теңге бағытталды. Бұл қаражат 136 жас маманның баспана мәселесін шешуге көмектеспек.

«Ауылдарға әлеуметтік сала мамандарын тарту ауыл экономикасы мен әлеуметтік секторды одан әрі дамыту, ауыл тұрғындарының жалпы әл-ауқатын көтеру үшін алғышарттар жасайды. Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жүзеге асырылатын болады», — деді Қанат Дүзелбаев.

Айта кетейік, барлық әкімдер жиналған отырыста облыс көлемінде болашағы бұлыңғыр ауылдар туралы да айтылды. Сонымен қатар, ауыл әкімдерінің дұрыс жұмыс істемеуі де сынға алынған болатын.

Тағы оқыңыз: СҚО колледждерінде оқыту мерзімі бір жылға қысқарды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x