Солтүстік Қазақстан 444 мектеп бар. Олардың 39-ы биыл жөндеу көрмек. Ол үшін қазынадан 4,5 млрд теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бүгіндері өңірде 444 мектеп бар. Оларда 74 мыңға жуық бала білім алып жатыр. Былтыр шілде айында Петропавлдағы Орман шағын ауданында «Жайлы мектеп» тапсырылды. Биыл шілде айында осындай екінші білім ордасы пайдалануға берілмек. Ол Береке ауданында орналасқан.
Биыл білім ордаларын күрделі жөндеуден өткізуге 4,5 млрд теңге бөлінген. Сөйтіп, өңірдегі 39 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
«14 мектеп толығымен жаңартылмақ. Ол үшін 3 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ елді мекендерде орналасқан білім ордаларын жаңғыртуға 3,3 млрд теңге бөлінді», — деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Анафина.
Ал білім ордаларының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 5,3млрдтеңгебағытталған. Оның 457млнтеңгесі мектептерді заманауи пәндік кабинеттер мен жабдықтауға бөлінді.
Бүгіндері 36290 солтүстікқазақстандық оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұл мақсатқа 3,9млрдтеңгебөлінді.
«Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен – 8918, жергілікті бюджет қаражатынан – 25809, шаруашылық жүргізуші субъектілері есебінен — 1563оқушы тегін тамақтанады. Ал бастауыш сыныптар 100% тегін тамақпен қамтылған. Ол — 28770 оқушы», — деп толықтырды Динара Анафина.
Президент өз жолдауларында білім беру саласын назардан тыс қалдырмайды. Биылғы маңызды құжатта да мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлу керектігін айтты.
«Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық», — деді президент өз жолдауында.
Сондықтан болар, президенттің тапсырмасы бойынша жыл сайын ұстаздардың жалақысы 25% — ға артып келеді. Сөйтіп, 2020 жылдан бастап өсім 100%-ды көрсеткен.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жалпықалалық сенбілік өтті