Өңірде биыл 160-қа жуық есірткі қылмысы тіркелген. Жағымсыз статистиканы түп тамырымен жою мақсатында облыстық ПД мен қалалық жастар ресурстық орталығы ерекше шара өткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Басқосуға оқушылар мен студенттер шақыртылған. Шара ең алдымен викториналық ойыннан басталды. Ұл-қыздарға есірткі қылмысына қатысты сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап бергендеріне тәтті сыйлықтар табысталды.

СҚО-да биыл 160-қа жуық есірткі қылмысы тіркелген
СҚО-да биыл 160-қа жуық есірткі қылмысы тіркелген

«Биыл есірткі қылмысының алдын алуға арналған 30-дан астам шара өткіздік. Қала мектептері мен колледждерді араладық. Ондағы жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Біз қоғам дертімен күресуді мүлде тоқтатпаймыз», — деді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Әбдин.

Елімізде есірткіні белгілі бір жерлерге жасырып, түрмеге түскен жастар көбейіп барады. Шараға қатысушылар ашық аспан астында қоғам белсендісі Зәкіржан Мамлютовтің «Закладчики. Расплата» атты деректі фильмін тамашалады. Туындыда темір тордың ар жағындағы қыз-жігіттердің өмірі көрсетілген.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 120-дан астам түлек «Алтын белгі иегері» атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *