СҚО-да биыл 14 мектеп жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында 2024-2025 оқу жылында 14 мектеп жабылды. Оның бесеуі Жамбыл ауданында орналасқан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстанда 444 мектеп бар. Оның 312-сі орта, 96-сы негізгі және 36-сы бастауыш мектеп. QM редакциясы облыстық білім басқармасынан 2024-2025 оқу жылында жабылған мектептер туралы ақпарат сұратқан болатын.  Басқармадан келген жауапқа сәйкес, биыл өңірде 14 мектеп жұмысын тоқтатқан. Себебі, бұл білім ордаларында бес оқушыдан аз болған. Сондықтан білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, оқу ордалары жабылды. Ең көбі Жамбыл ауданында орналасқан екен. Мұнда бес мектептің есігіне қара құлып салынды. Ол – Есперлі, Ұзынкөл, Сәбит, Миролюбова бастауыш мектебі және Майбалық негізгі мектебі.

«Айыртау ауданында Наследников бастауыш мектебі, Есіл ауданында Черуновка ауылындағы білім ордасы,  М. Жұмабаев ауданында орналасқан Придорожное ауылындағы білім мекемесі, Қызылжар ауданында Дубровный негізі мектебі де жабылды. Сонымен қатар Ғ. Мүсірепов ауданында үш мектеп жұмысын тоқтатты. Ол – Сарыадыр, Чернозубовка бастауыш мектептері және Жаңасу ауылындағы Е. Әуелбеков атындағы бастауыш мектеп. Тайынша мен Шал ақын аудандарында да оқушысыз қалған мектептер бар. Ол Тайыншадағы Озерное және Шал ақындағы Социал ауылдарындағы білім ордалары», — деп жазылған білім басқармасының берген жауабында.  

Сонымен қатар өңірдің төрт орта мектебі оқушы санының азаюына байланысты негізгі мектепке ауыстырылған. Ол Ақжар ауданындағы Қызылту орта мектебі, Ғ. Мүсірепов ауданындағы Салқынкөл, Березовка және Сокологоров орта мектептері.

Ал қалаларда оқушы саны артып келеді. Сәйкесінше, ауылды жерлерде бала саны азаюда. Қазіргі кезде өңірде 74 604 бала мектептерде білім алып жүр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі бірдей кәсіпкер әйел есірткі саудалап келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x