Солтүстік Қазақстанда жыл басынан бері 14 ер адам бала күтіміне байланысты декреттік демалысқа шыққан. Олардың дені облыс орталығының тұрғындары, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көп жағдайда декреттік демалысқа петропавлдық ер адамдар шығады екен. Яғни, биыл өңірде 14 азамат бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алуға өтініш білдірсе, оның 11-і облыс орталығының тұрғыны.

«Биыл декреттік демалысқа шыққан ер адамдардың саны артты. Былтыр сегіз айдың ішінде үш азамат қана осындай әлеуметтік төлемді алған болатын. Бала күтімі бойынша декреттік демалысқа серіктестіктерде еңбек ететін бес адам шыққан. Тағы бұл мүмкіндікті «Ресей темір жолы» ААҚ Оңтүстік-Орал темір жолында жұмыс істейтін үш адам пайдаланған», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Анар Құсанова.

Жалпы, биыл өңірде 4300-ден астам нәресте өмірге келген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жеңіл көлікпен автобус соқтығысып, екі адам жарақат алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *