Қазақстанда 16-шы мамырда мектеп түлектері үшін ұлттық біріңғай тестілеу басталады. Талапкерлер білім сынағын бесінші  шілдеге дейін екі мәрте тапсыра алады. Ал мектеп қабырғасындағы мемлекеттік емтихандар мамыр мен маусым айларында өтеді. Олар осы аралықта бес бірдей сынақ тапсырады. Биыл облыста 122 түлек «Алтын белгіге» үміткер, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

QM редакциясы облыстық білім басқармасына ҰБТ және биылғы мектеп түлектеріне қатысты сауал жолдған болатын. Басқармадан келген ресми жауапқа сәйкес, биыл өңірде 11-ші сыныпты 3642 оқушы бітіреді. Оның 2187-сі аудандардағы білім ордаларының түлектері болса, қалғаны петропавлдықтар.

«Түлектердің 230-ы ерекше белгідегі аттестатқа, ал 122 бала «Алтын белгіге» үміткер. Былтыр 178 солтүстікқазақстандық мектеп түлегі ерекше үлгідегі аттестат алған болатын. «Алтын белгіні» 84 оқушы ақтап шықты», — делінген СҚО білім басқармасы ұсынған ақпаратта.

Биылғы жылы ҰБТ-да айтарлықтай ерекшелік жоқ.  Талапкерлер өңірлік тестілеу орталықтарында күні мен уақытын өздері белгілеп, сынақ тапсырады.  Үш пәннен міндетті – Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математика сауаттылығынан сұрақтарға жауап береді. Қалған екі пән баланың таңдауына байланысты. ҰБТ-дағы максималды ұпай-140.  Бес пәннен сынақты талапкерлер 240 минутта тапсырып шығулары тиіс.

«Жазғы ҰБТ-ға тіркеу 12-ші сәуір мен 25-ші сәуір аралығында өтті. Оған облыстың 2888 түлегі қатысуға ниет білдірді. Бұл  мектеп бітірушілердің 79 пайызы.  Ал аттестаттарды салтанатты тапсыру шарасы маусымның 18-20-сы аралығында өтеді», — деп толықтырды басқарма мамандары.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ашытқы өндіретін зауыт салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *