СҚО-да биыл 3700-ге жуық оқушы мектепті тәмамдады. Оның 120-дан астамы «Алтын белгі» иегері атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жас түлектердің көбі еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарынан бөлек, өзге мемлекеттердегі үздік университтеттерде тегін оқуға мүмкіндік алып үлгерді. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жас түлектерге ақ жол тілеп, ұстаздар қауымына ерен еңбегі үшін алғысын білдірді.

СҚО-да биыл 120-дан астам түлек «Алтын белгі иегері» атанды
СҚО-да биыл 120-дан астам түлек «Алтын белгі иегері» атанды

«Бүгінгі марапаттарыңыз 11 жыл бойы алған білімдеріңіздің жемісі. Білікті ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың ортақ жеңісі. Мектеп бітіргелі жатқан әр түлек Қазақстанның болашағын көркейтуге үлес қосады деп сенемін. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Мемлекетіміздің гүлдену жолында өздеріңізге серік болатын ол — әрине білім мен таудай талап. Әрдайым ізденіс керек. Ел тізгінін берік ұстап, еліміздің лайықты азаматы болуларыңғызға тілектеспін»,- деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Шалақындық Диляра Амангелді болашақта ақхалатты абзал жан болғысы келеді. Сол себепті ҰБТ-да “«Химия және биология» пәнін таңдапты. Бұрымды алғашқы сынақтан сүрінбей өтіп, 100 балл жинаған.

СҚО-да биыл 120-дан астам түлек «Алтын белгі иегері» атанды
СҚО-да биыл 120-дан астам түлек «Алтын белгі иегері» атанды

«Облыс әкімінің қолынан марапат алғаныма қатты қуанып тұрмын. Бұл менің болашағыма оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Ең алдымен маған сенім артқан ата-анама, ұстаздарыма алғыс айтамын. Сенімдеріңізді ақтау үшін барымды саламын», -деді Шал ақын ауданы Евней Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясының түлегі Диляра Амангелді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әйелдер колониясында «бала үйі» болады 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *