Солтүстік Қазақстанда жыл басталғалы 116 адам ВИЧ жұқтырған. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 13 сырқатқа көп, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Мамандардың сөзінше ЖИТС-тің (СПИД) алдын-алу және оған қарсы күрес орталығында вирус жұқтырған 1468 адам есепте тұр. Вирус жұқтырғандардың көбі 40-49 жас аралығындағы адамдар екен. Және қауіпті вирусты көбіне ер азаматтар жұқтыратын көрінеді. Тиісінше, орталықта есепте тұрғандардың 64%-ы – ерлер.
«Биыл адамда иммунитет тапшылығының вирусын (ВИЧ) жұқтырғандардың екеуі – шетел азаматы. Қалғандары ел тұрғындары. ВИЧ жұқтырған балалар да бар. 14 жасқа дейінгі 12 балаға осындай диагноз қойылған. Соңғы екі жылда балалар арасында вирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ», — дейді ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Айман Сыздықова.
Тағы оқыңыз:Шал ақын ауданында заңсыз аң аулағандар ұсталды