Жыл басынан облыста 97 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 жағдайға аз, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өңірде вирустың берілуінің екі негізгі жолы бар. Олар: парентералды жол – психоактивті заттарды инъекциялық түрде ортақ қолдану арқылы. Сонымен қатар, жыныстық жол. Инфекцияның негізгі берілу жолы жыныстық қатынас болып саналады.

Инфекцияны көбінесе ер адамдар жұқтырған. Аймақ бойынша АИТВ-мен өмір сүретін жүкті әйелдерді медициналық қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Медициналық бақылау және антиретровирустық терапияны қабылдау анадан балаға ВИЧ инфекциясының берілуін болдырмауға мүмкіндік береді.

«Соңғы жылдары СҚО-да әйелдер ВИЧ-пен өмір сүргеніне қарамастан, 35-тен астам дені сау бала дүниеге әкелген. ВИЧ-тің вертикалды жолмен берілу жағдайлары тіркелген жоқ», — деді Облыстық АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Жұмысшы кентіндегі түнгі оқиға: терезе сындырған ер адам реанимацияға түсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *