СҚО-да тоғыз айдың ішінде үш мыңнан астам адам шешекпен ауырған. Оның 78 пайызы алғашқы төрт айда тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шешек – ауа арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Ол қызбамен, ағзаның улану белгілерімен және бүкіл денеге жайылатын көпіршікті бөртпемен сипатталады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары күз-қыс кезеңі қарсаңында алдын алу және мониторинг жұмыстарын жалғастырып жатыр.
«2025 жылдың алғашқы 9 айында облыста шешектің 3 мыңнан жағдай тіркелді. Оның 78 пайызы жылдың алғашқы төрт айында болған. Ең жоғары көрсеткіштер қаңтарда (676 жағдай), ақпанда (642) және наурызда (560) тіркелген», — деді СҚО санитариялық дәне эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Мамыр айынан бастап сырқаттану деңгейі төмендей бастады. СҚО-да мамырда – 231, маусымда – 163, шілдеде – 95, тамызда – 53, қыркүйекте – 98 шешекті жұқтыру фактісі тіркелген.
Айта кету керек, бұл ауру алғашқы кезде дене қызуының кенет көтерілуімен, бастың ауыруымен, әлсіздікпен білінеді. Шешектің ең айқын белгісі – бөртпе мен қышу. Ағзаны сусызданудан сақтау үшін көп мөлшерде сұйықтық ішкен дұрыс.
Тағы оқыңыз: Петропавлда оқушы «мектепке жарылғыш зат қойылды» деп жалған ақпар берген