[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/7c3539db-cf7f-4c7e-8fca-0c4997807184-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Пара ретінде 300 литр жанармай берген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының экс басшысына 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында аудиторлық тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде бірқатар бұзушылық анықталды. Мемлекеттік мекеменің экс басшысы Алмаз Қошманов болса бұл деректерді жасырмақ болған. Осылайша тексеру комиссиясының мүшесіне 300 литр көлемінде А92 маркілі жанармай берген. Кенжебаев болса алған талондардың басым бөлігін жұмсап үлгерген. Жемқорлыққа қарсы қызмет тексеру комиссиясының мүшесі осы схема бойынша бірнеше рет «олжалы» болғанын дәлелдеді. Айыртау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығынан да 2,5 млн теңге сыйақы алғаны анықталды. Парақор 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұдан бөлек өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек ете алмайды.
«Алмаз Қошманов бұл келісімге келгеннен кейін пара ретінде берілетін 300 литр бензинді өз қалтасынан төлемей, басқармаға бөлінген 400 литр талонын алып, 300 литрін ревизиялық комиссияның мүшесі Кенжебаевқа берген. 100 литрін өз қажеттілігіне жұмсады», — дейді СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]