Өткен түнде облыста қолайсыз ауа райы мен қарлы боран салдарынан жолда қалған азаматтарға құтқарушылар көмек көрсетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үш бірдей құтқару операциясын сәтті жүзеге асырды, деп жазады Qazaqstan Media.

Құтқару шараларының бірі Айыртау ауданының Казанка ауылы маңында, облыстық маңызы бар автожолда болды. Онда  екі жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. Көліктерде 5 ересек адам мен 1 бала болған. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге — Казанка ауылына эвакуациялады.

Ал, Мамлют ауданының Мамлютка қаласында, жұмысшы кентіне апаратын айналма жолда жеңіл көлік жол жиегіне шығып кеткен. Құтқару қызметі көлікті жедел түрде жолға шығарып, жүргізушінің зардап шекпегенін хабарлады.

Үшінші жағдай Шал ақын ауданында орын алды. Сухорабовка мен Арай ауылдарының арасындағы облыстық маңызы бар автожолда тағы бір жеңіл көлік қарға батып қалған. Көлікте болған үш ересек адам құтқарушылардың көмегімен Сергеевка қаласына жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жылына 12,7 мың тонна өнім өндіретін зауыт іске қосылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *