СҚО-да бір отбасының екі баласы тамақтан уланып, көз жұмды

Солтүстік Қазақстанда бүтін бір отбасы астан уланып, екі бала қайтыс болды. Ал үш адам ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Улану фактісі Қызылжар ауданы Надежка ауылында болған. Отбасы мүшелері 12-ші маусымда түнде өздерін жайсыз сезіне бастапты. 13-ші күні таңертең үйдің кенжесі — 3 жастағы бала дәрігерлер келгенше көз жұмған. Ал қалған екі бала мен ата-анасы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіледі. Кейін тағы бір баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Отағасының айтуынша, олар кешкі асқа дүкеннен сатып алынған тұшпараны жеп, Coca-Cola сусынын ішкен. Қазіргі кезде астың сынамасы алынып, зертханалық талдау жүргізілуде.

«Қызылжар ауданында бір отбасының улану фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Аталған факті «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның жаппай улануына және өлiмiне әкеп соққан санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда тұрақты донорлар марапатталды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x