СҚО-да бір күнде екі отбасы иіс тиіп уланды

Солтүстік Қазақстан облысында бір күнде екі отбасы иіс тиіп уланды. Ол туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өрт сөндірушілер баяндады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 268 өрт тіркелді. Оның салдарынан 17 адам көз жұмды. 31 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. Тілсіз жаудан зардап шеккендердің бесеуі бала. Сонымен қатар, жыл басынан иіс тиіп уланудың 18 фактісі тіркелді. Өкінішке қарай, одан үш адам қайтыс болды. Тоғызыншы қыркүйекте облыс аумағында екі иіс тиіп улану фактісі тіркелді.

«Тоғызыншы қыркүйекте иіс тиіп уланудың екі фактісі белгілі болды. Бірі Петропавл қаласында орын алды. Воровской көшесінде тұратын отбасы таңертең  бас аурына шағымданым ауруханаға жүгінген. Бір ересек және екі бала. Балалар қазір ауруханада жатыр, жағдайлары тұрақты. Бір күн бұрын кешкісін пеш жаққан. Пештің мұржасы бітеліп қалып, үйге түтін тараған», — деп баяндады СҚО ТЖД басқарма бастығы Аслан Ахметжанов.

Екінші оқиға Шал ақын ауданында орын алған. Мұнда да анасы мен екі бала иіс тиіп, ауруханаға жүгінген. Қазір зардап шеккендердің жағдайлары жақсы. Олар амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Мамандар жылыту маусымының алдында рейдтік шараларды күшейтіп отыр. Себебі өрттің 75 пайызы жер үйлерде шығады екен. Әсіресе пешті жағуда қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындар көп дейді, мамандар.

Мамандар көліктердің жиі өртенетініне алаңдаулы. Жыл басынан 39 машина жанған. Келтірілген шығын да 39 млн теңгені құрайды. Көбіне сымдардың қысқа тұйықталуы от шығуға себеп болады.

Тағы оқыңыз: СҚО полицейлері есірткі зертханасын ұйымдастырмақ болғандарды ұстады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *