Солтүстік Қазақстан аумағында 10-шы маусым күні 16 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 10-ы Петропавл қаласында болды, деп жазады Qazaqstan Media.
10-шы маусым күні Петропавлда терек ұлпасының жануының үш фактісі тіркелді. Өрт сөндірушілер Назарбаев, Бөкетов және Шухов көшелерінде орын алған шақыртуларға барды. Дәл осыншама рет құрғақ шөп пен бұтақтардың жануы болды. Қоқыс пен ағаш діңінің жануы да тіркелді.
Сонымен қатар, сымдардық қысқа түйықталуынан бір дүкен мен автокөлік жанып кетті.
Бұл күні қызыл жалын өңірдің алты бірдей ауданда да тіркелген. Ол — Тимирязев, Шал ақын, Есіл, Қызылжар, Жамбыл және Ғ. Мүсірепов аудандары.
«Тимирязев ауданында сымдардың қысқа тұйықталуынан азық-түлік дүкені жанды. Есіл ауданы Петровка ауылында 15 шаршы метр жерде шауашылық құрылысы өртенді. Оған жақын жерде құрғақ шөпті өртеу себеп болған.Новоишимское ауылында бір гектар жердегі құрғақ шөпке от тиді. Ал Пресновкада терек ұлпасы жанса, Вагулино ауылында пеш орнату кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан монша өртенді», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Ал Сергеевкада газ баллонын босату кезінде ауа қоспасының жарылысы орын алды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Тағы оқыңыз: Бәйгеден Қазақстан чемпионатының төртінші кезеңі СҚО-да өтеді