Солтүстік өңірде жыл басынан бес мыңнан астам ЖРВИ фактісі тіркелді. Көбінесе жұқпалы ауруға 14 жасқа дейінгі балалар шалдыққан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
2025 жылдың 23 қыркүйегінен бастап облыста тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Тәуекел тобына жататын адамдар үшін ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды. Бір айдың ішінде мамандар 32 мыңнан астам адамға екпе салып үлгерген. Оның ішінде төр мыңнан астамы бала.
Қазір күн алдамшы. Ашық болып көрінгенімен суық. Адамдар жұқа киініп ЖРВИ-ге шалдығып жатады. Бұл аурудың негізгі белгілерін айта кетсек. Олар: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.
«СҚО-да жыл басынан бес мыңнан астам ЖРВИ фактісі тіркелді. Көбінесе жұқпалы ауруға 14 жасқа дейінгі балалар шалдыққан. Соңғы аптада облыста ЖРВИ-дің 2340 жағдайы тіркелді», — деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Тағы оқыңыз: СҚО-да әдіскерлер арасында байқау ұйымдастырылды