СҚО-да білім ошақтарының кейбірі жылыту маусымына дайын емес

Қазір облыстағы 503 білім беру ұйымында жылыту жүйелерін жуып-шаю жұмыстары  жүргізілген. Бұл жалпы көрсеткіштің тек 93 пайызын құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
 
Биыл облыс мектептеріне қазандықтар мен қазандық жабдықтарын сатып алуға 1,6 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақыттта 86 қазандық сатып алынып, оны орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Білім беру ұйымдарына қыс мезгіліне 105 мың тонна көмір сатып алу жоспарланған. Бұл мақсатқа бюджетен бір жарым млрд теңге қаражат  қарастырылыпты. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарына 71 мың тонна қара отын жеткізілген.  Бұл жалпы жоспардың 68 пайызын құрайды.

 «Аудандардағы 20 мектептің 16-сына блоктық модульдік қазандықтар орнатылған. Екеуі орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Сегіз мектепке жаңа қазандық қойылған. Қазіргі уақытта Тайынша ауданындағы 3 мектеп тіпті блоктық модульдік қазандықтарды орнатуға кіріспеген. Мектептер облыстық басқармаға қараса да, әрбір аудан әкімі білім ордаларындағы жөндеу жұмыстары мен жылыту маусымына дайындығын қатаң бақылауда ұстаулары керек. Жаңа оқу жылында ешқандай қиындық болауы керек», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыс әкімі барлық аудандарда көмір жеткізу мәселесін 29-шы тамызға дейін аяқтауды тапсырды. Егер бұл тапсырма орындалмаса аудан әкімдері аймақ басшысының атына түсініктеме жазуға тиіс болады.

Тағы оқыңыз:СҚО-да әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға баспана беру тым баяу жүріп жатыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x