Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мектептер мен балабақшалардағы тексеру жүргізді. Нәтижесінде 43 млн теңге бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Биыл бірінші жартыжылдықта қадағалау органы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында тексерулер жүргізді. Оның нәтижесінде балалардың құқықтары мен мүдделерінің өрескел бұзылуы анықталды. Қорқыту фактілерін жасырған, санитарлық, өртке қарсы, ақпараттық қауіпсіздік және терроризмге қарсы қауіпсіздік туралы заңнама талаптарын сақтамапты.
«Прокурорлардың актілері бойынша білім беру ұйымдарының 147 лауазымды тұлғасы тәртіптік және 316 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 43 миллион теңге бюджет қаражатының ұрлануына қатысты сотқа дейінгі екі тергеп-тексеру басталды. Оның 10 миллион теңгесі бюджетке қайтарылды»,-деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да үш адамнан бруцеллез анықталды