Солтүстік Қазақстанда аудандық білім бөлімінің есепшісі сотталды. Ол өзіне және өзге қызметкерлерге жалақыны заңсыз аударған, деп жазады Qazaqstan Media.
Айыртау аудандық білім бөлімінің бухгалтері өзіне және бөлім қызметкерлеріне жалақыны заңсыз аудару арқылы 4,5 млн теңге бюджет қаржысын ұрлаған. Осы факті бойынша ол кінәлі деп танылды.
Сотталушы мемлекетке келтірілген залалды тергеу барысында толық көлемде өтеді.
Айыртау аудандық соты оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Енді ол қаржы және мемлекеттік ұйымдарда сол мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Тағы оқыңыз: Жамбылдық Дәурен Маратбеков егін орағында үздік көрсеткішке қол жеткізді