Солтүстікқазақстандық полицейлер жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Олар бес күн бойы облыс жолдарында күшейтілген тексерістер жүргізді, деп жазады Qazaqstan Media.

Полицейлер жүргізген рейдтің арқасында бес күнде 25 мас жүргізуші анықталды. Мысалы, таңертең ерте тәртіп сақшылары облыс орталығында күмән туғызған «Audi-80» автокөлігін тоқтатты. Көлікті тізгіндеген 22 жастағы аудан тұрғыны алкогольдік масаң күйде болған. Оған қоса, жүргізуші куәлігі де болмаған. Ол әкімшілік қамаққа алынды.
Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылар «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1390 түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Оның 165-і жылдамдық режимін бұзу болса, 54-і жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеу фактілері.

Тағы оқыңыз: СҚО-да спортшыларды даярлауға бөлінген қаржы тиімді жұмсалмай келген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *