Солтүстік Қазақстан облысында «Қарасора-2025» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Оның мақсаты, есірткі бизнесінің жолын кесу, алдын-алу. Маусым айынан басталған іс-шара аясында облыс полицейлері 80 есірткі қылмысын тіркеген, деп жазады Qazaqstan Media.
Бес ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз айналымнан 729 кг 920 грамм әр түрлді есірткі заттары тәркіленіпті. 80 қылмыс анықталған. Оның ішін 38 факті ҚР ҚК 297 баба бойынша тіркелді. Бұл бап-есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізуге қатысты. Екінші орында қылмыстық кодекстің 296-шы бабы- есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу. Ал есірткі заттарын жаранамалаудың екі дерегі тіркелеген.
«Қарасора-2025» операциясы Солтүстік Қазақстан облысында әлі де жалғасуда. Мақсаты — есірткі заттарының заңсыз өсірілуі мен транзиттеудің жолын кесу, жабайы қарасораны жою. Сондай-ақ есірткі таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және жою»,-дейді СҚО ПД.
Тағы оқыңыз: ҚР Президентінің кеңесшісі Солтүстік Қазақстан облысының активімен кездесті