Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жасар қызын зорлаған әкеге үкім шығарды. Енді 29 жасар жігіт өмірінің қалған бөлігін темір тордың ар жағында өткізетін болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Сот жабық жағдайда өтті. Ол түсінікті де. Өйткені, жәбірленушінің жасы бар болғаны 8-де ғана. Ал оны туған әкесі бірнеше рет зорлаған. Осы үшін бүгін Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 29 жасар жігітке үкім шығарды.

«Сот ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша Сәкенов Әділхан Қайратұлын кінәлі деп тауып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол өмір бойы педагогикалық қызметтерді және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс жасай алмайды. Сәкенов жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ ол жәбірленуші Мұсабаева және кәмелетке толмаған Сәкеновға 3 млн теңге моралдық шығын өтеуі тиіс», — деді үкімді оқыған Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршарыпов.

Ал Әділхан Сәкеновтың әкесі өңірге белгілі азамат. Қайрат Пішенбаев облыстың төрт бірдей ауданында әкім болған. Бір кездері тіпті, Қызылжар аудандық «Нұр Отан» ХДП төрағасы қызметін атқарды. Қазір зейнетке шықса да, «Ауыл» партиясының СҚОФ төрағасы болып отыр.

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жер үй өртенді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *