СҚО-да барлық референдум учаскелері өз жұмысын бастады

Солтүстік Қазақстанда таңғы сағат 7.00-де барлық референдум учаскелері өз есігін айқара ашты. Олардың саны – 591, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Белгілі болғандай, 375 236 солтүстікқазақстандық референдумға қатыса алады. Бұл күні өңірде 591 референдум учаскесі жұмыс істейді. Олардың 97-сі облыс орталығында орналасқан.

«Өңірдегі референдум учаскелерінің 578-і азаматтарды тіркеу орны бойынша құрылған. Сондай-ақ 13 уақытша дауыс беру пункті жұмыс істейді. Олар аурухана, уақытша ұстау изоляторы және әскери бөлімдерде жасақталған. Облыста барлығы 606 комиссия құрылған. Оның 15 – аумақтық және 591 – учаскелік комиссия. Олардың құрамында 3 430 адам бар», — деді облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Сағындық Рахымжан.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бүтін бір отбасын өлтірді деп айыпталған күдіктілердің бірі сот тәртібіне бағынбай, былапыт сөздер айтқаны үшін сот залынан қуылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x