СҚО-да барлық мектептер 100% интернетке қосылған

Солтсүтік Қазақстан облысының мектептері толықтай интернетпен қамтылды. Өңірдегі 458 білім ордасының барлығында да ғаламторға шығу мүмкіндігі бар, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Обыстық  білім басқармасының мәліметінше, 138 мектепте — секундына 20Мбит дейін, және 319 мектепте  интернет жылдамдығы – секундына 20 Мбит және одан жоғары көрсеткішті құрайды екен.

«Интернетпен қамту қызметін негізгі провайдерлер «Қазақтелеком» АҚ және «Транстелеком» АҚ көрсетеді. Starlink технологиясы мектептерін интернетке қосу бойынша пилоттық жобаға облыстың 165 мектебі енгізілген», — деп жазылған облыстық білім басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстанның мектептерінде, балабақшаларында және колледждерінде 13 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның төрт мыңы цифрлық камера. Қалғаны аналогтық камера екен. 2024 жылы аналогтық камераларды заманауи цифрлық камераларға ауыстыру жоспарланған.

«Жедел басқару орталығына, аудандық полиция бөліміне 335 нысан қосылған. 374 білім беру мекемесінде дабыл беру жүйесі орнатылған. Ескерту жүйесі 430 нысанда, мамандандырылған күзет 128 білім беру мекемесінде бар. Басқару және кіріп-шығуды бақылау жүйесі 115 мекемеде бар», — делінген ведомстваның парақшасында.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x