СҚО-да төтеншеліктер суға батып кете жаздаған жас балықшыларды құтқарды. Келеңсіз оқиға Мамлют ауданында болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жетінші қыркүйек күні 12-13 жас аралығындағы үш бала Мамлют ауданындағы Ахиповка көліне балық аулауға барған. Балықты қайыққа мініп аулауды жөн көреді. Кенеттен қатты жел тұрып, қайықты аударып жіберіпті.

Балалардың бірі әрең дегенде жүзіп барып, жағаға жеткен. Бірден 112 нөмірі арқылы құтқарушыларды шақырыпты. Сол сәтте жеткіншек қатты қобалжып, өзінің нақты орналасқан жерін айта алмаған.

Жедел кезекші баланы тыныштандырып, олардың қай жерде екенін білді. Құтқарушылар мен полицейлер оқиға орнына бірден жетті. Жеткіншектерді құтқарып, жедел медициналық-жәрдем бригадасына табыстады. Суда қайықты ұстап тұрған балалар қатты тоңып қалған.

«Ата-аналарға айтарымыз, балаларды үлкендердің қарауынсыз көл немесе өзенге жібермеңіздер! Қайғылы оқиғаның орын алуы ғажап емес»,- деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да автокөлік аударылып, жолаушы әйел қаза тапты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *