СҚО-да балаларды оңалту орталығы ашылады

Жақында Петропавлда перинаталдық орталық базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылады. Онда облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Орталықты күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен қаржы бөлінген. Ал «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларының қолдауымен қажетті құрал-жабдықтар алынды. Мұнда әртүрлі патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балалар соңғы технологияларды қолдану арқылы оңалтудан өтеді. Орталықта оңалтуға арналған 15 төсек-орын бар. Күндізгі стационар 360 балаға шақталған.

Көмекті невропатолог, реабилитолог, педиатр, невролог, эрготерапевт, психолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, дефектолог пен логопед мамандары көрсетеді. Орталық өз жұмысын 31-ші қаңтар күні бастамақ.

Сонымен қатар «Қамқорлық» бастамасы аясында облыстық балалар ауруханасында оңалту орталығын жаңғырту жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру ортаға ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеуге және оңалту қызметтерінің қолжетімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Тайынша ауданы қазір «Қамқорлық» қорымен келісіп, эскиздік жобаны дайындап жатыр. Осы эскиздік жоба бойынша біз сметаға тапсырыс беретін боламыз. Чкаловта да оңалту орталығын ашпақпыз. Ол жерде Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарының балалары ем алады», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тұтас ауыл бір апта бойы ауыз сусыз отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x