Солтүстік Қазақстан облысында астан уланып бір күнде екі баласы қайтыс болған ана әділдік іздеп жүр. Ол бас прокуратураға шағымданды, деп жазады Qazaqstan Media.

Қайғылы оқиға маусым айында Қызылжар ауданындағы Нажедка ауылында тіркелген еді. Отбасы кешкі асқа дүкеннен тұшпара мен шұжық алып жеген. 13-ші маусым күні отбасы мүшелері өздерін жайсыз сезініп, ауылдағы медициналық маманға жүгінген. Ол алғашқы көмек көрсетеді. Ал таң ата аталмыш жанұядан қайта шақырту түседі. Ол кезде үйдің кенжесі, үш жасар бала қайтыс болған. Ал 10 және алты жастағы екі баламен анасы жедел түрде облыс орталығына жеткізілді. Алайда дәрігерлер алты жастағы қыздың өміріне де араша бола алмаған. Анасы мен үйдің тұңғышы ауруханада емделіп шықты. Сараптама балалардың нитраттен уланғанын көрсетті. Екі кісінің өліміне қатысты іс қозғалып, қылмыстық құрамы жоқ деген себеппен қазан айында жабылған еді. Одан кейін міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін медбикеге қатысты іс қозғалып, тергеу жүргізілді.

«Жарты жылдан артық уақыт өтсе де, ешкім жазаланған жоқ. Мен екі баламнан айрылдым. Ал айыптылар бостандықта жүр. Әділдік орнайды деген үмітпен Бас прокуратураға арыз жаздым», — дейді қайтыс болған балалардың анасы Галина Коваленко.

26 желтоқсанында Коваленконың отбасы облыс прокуроры орынбасарының қабылдауында болды. Белгілі болғандай іс қайта қозғалады.

«Облыстың Полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабының 3-бөлігі бойынша абайсызда екі адам өлiмiне әкеп соқтырған, санитарлық ережелерді бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы қабылданған шешім облыс прокуратурасымен қосымша тергеу әрекеттері өндірісі үшін бұзылды», — деп нақтылады облыстық прокуратура өкілдері.  

Тағы оқыңыз: СҚО-да Жаңа жылдық іс-шаралар өтетін нысандар тексеріліп, 485 олқылық анықталды — ТЖД

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *