Солтүстік Қазақстанда облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жаңа амбулаторлық оңалту орталығы ашылды. Оның іске қосылуына «Қамқорлық», «Қазақстан халықна» және «Самұрық-Қазына» қорлары демеушілік еткен. Оңалту орталығына бір айлық нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер де бара алады. Барлық медициналық қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруа арқылы тегін көрсетіледі, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық балалар ауруханасында оңалту орталығы 1986 жылы ашылған. Ол бронх-өкпе патологиясы бар және церебральды сал ауруы бар балаларға көмек көрсететін болды. Кейін 1998 жылы оңалту бөлімшесінің базасында Қазақстанда алғаш рет жүйке жүйесі зақымданған балаларға арналған амбулаториялық оңалту бөлімшесі ашылды. Енді міне, демеушілердің қолдауымен балаларға арналған амбулаторлық оңалту орталығы іске қосылды.
«Орталықтың негізгі мақсаты жаңа технологияларды қолдана отырып, балаларды оңалтуға, оларды қоғамдағы өмірге бейімдеу. Сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған, туа біткен және қозғалыс бұзылыстарымен қатар жүретін жүйке жүйесінің басқа да аурулары бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі. Балаларға «неврология және нейрохирургия» және «травматология және ортопедия» бейіндері бойынша көмек көрсетіледі», — дейді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов
Жаңа оңалту орталығы бір кезеңде 125 пациентті қабылдауға қауқарлы. Мұнда бір айлық сәбиден 18 жасқа дейінгі жасөспірімідер тегін медциналық қызмет ала алады. Олар бір жыл ішінде бірнеше емдік курстан өтеді.
«Қазақстан халқына» қоры орталықты толықтай жабдықтармен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлген. Сонымен қатар, мамандарды оқытып, дайындауға да демеушілер қол ұшын созған.
«Қазақстан халқына» қорымен алты облыста балалар оңалту орталығын ашу жобасы бекітілген. Бүгін бесіншісін ашып отырмыз. Құрал-жабдықтарды алуға 241 млн теңге бөліп, жұмсадық. «Қамқорлық» қоры болса мамандарды екі жыл бойы оқытып, дайындау үшін ақша бөліп отыр. Барлығын еуропалық стандартқа сай істеуге тырыстық. Жабдықтардың басым бөлігі Еуропа елдірінен алынды. Алдағы уақытта аудандарда оңалту орталықтарын ашу жоспарда бар. СҚО бойынша ондай орталық Тайынша ауданында ашылатын болады», — деп нақтылады «Қазақстан халқына» ҚҚ төрағасының орынбасары Ләззәт Шыңғысбаева.
Жаңа оңалту орталығының ашылуына қатысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ерекше күтімді қажет ететін балаларға облыс көлемінде көп қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.
«Өңірде қазіргі кезде 2300 бала оңалтудан өту керек. Олар бес медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр. Бұл 56-56 пайызды қамтып отыр. Аталмыш орталықтың ашылуы, медициналық-әлеуметтік саланы толық қамтиды отыр деп ойлаймын. Бұл балалар үшін үлкен көмек», — деді өз сөзінде өңір жетекшісі.
Оңалту орталығында қазірдің өзінде түрлі диагноз қойылып, емдік шаралар алып жүрген балалар бар. Солардың бірі — София Закалюжная. Екі жасқа толатын сәбидің тілі әлі шықпаған. Сондықтан анасы Анна орталықтағы логопед маманға әкеліп жүр.
«Қызыма бір жас тоғыз ай. Сөйлеуі кешеуілдеп жатқасын логопед маманға жолдама берді. Осымен екінші рет келіп отырмыз. Қызыма мұнда ұнайды. Кейбір кездері үйде мен оған айтып түсіндіре алмаған заттарды, мында маман түсіндіреді. Оны сөйлетуге тырысады. Саусақ моторикасын дамытады. Олардың барлығын қалай дұрыс істеу керектігін мен білмеймін ғой. Құрастырмалы ойыншықтады жинап үйреніп жүр. Барлығы баланың дамуына септеседі», — дейді Анна Закалюжная.
Балаларға арналған жаңа оңалту орталығында гидро емдеу, тұзды демалу және шунгитті бөлмелелер бар.
Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандықтар «Ауыл аманаты» байқауының жүлдегерлері атанды