Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы мектепке дейінгі ұйымның қызметкерлерінің бірі үш жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген. Ол іс жүзінде балабақшаға бармайтын бала үшін ақша алып келген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Аталған фактіні облыстық прокуратура мекемені тексеру барысында анықтаған. Айыртау аудандық сотының үкімімен мектепке дейінгі ұйымның қызметкері 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.  Сондай-ақ ол бюджетке келтірілген шығын толық көлемде өтеуі тиіс.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды. Сонымен қатар тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуі және т.б. салаларда бірқатар бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде барлық  бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы қадағалау жұмыстары жалғасуда және аудандық прокуратураның ерекше бақылауында», — делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз:СҚО-дағы 20 білім ордасы «Нысаналы мектептер» жобасына енді

 

                       

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *